20 қыркүйек 2022 08:42

Талдықорғанда бала күтуші үш жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған қаласында күтушісі өлімші етіп сабаған үш жасар бала ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Талдықорған қаласында күтушісі өлімші етіп сабаған үш жасар бала ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, баланың анасы күтушіні интернеттен тауып, екі баласын күні-түні қалдырған. Бала күтімінің ақысын төлей алмаған соң бала күтуші балаларды анасына бермей, үйінде қамап ұстаған.

"13 қыркүйек кіші ұлым Захар бір жасқа толды. Ал осы қаза тапқан ұлым мамырда үшке толған. Үлкен қызым интернатта тұрып оқиды", - дейді сәбидің анасы Мадина Таукенова.

Оқиғаның қалай болғанын баяндай келе ол баласының өліміне Қарлығаш есімді күтуші кінәлі деп мәлімдеме жасады.

"Кіші ұлым бір жасқа толғанда күтушіге звондап, оның туған күнін атап өткім келетінін айттым. Қолхат жазып берейін, туған күнінде алып кетейін дедім. Қарлығаш маған телефон соғып, біраз ақша қарызсың, қашан бересің деді. Мен ақша болмай жатқанын айтып, күте тұр дедім. Тағы да сол қолхат жазып берейін, Дэвид пен Захарды көрсетші, сағындым дедім. Сенбеймін, бермеймін деді. Мен қатты сағынғанымды айттым", - дейді әйел.

Мадина Таукенова өзінің үйі, ақшасы жоқ жетім екенін айтқан. Жағдайы болмаған соң, интернеттен тапқан бала күтушіге екі ұлын қалдырып, өзі Талдықорған қаласындағы қонақүйлер мен әртүрлі мекемелердің еденін жуып, ақша тапқан.

"12 қыркүйек телефон соғып, бала қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп жатыр деді. Барып қарасам, бетінің сау жері жоқ, құлағына дейін көгерген, қолы тастай, баламның аузы ашық, көзі ашық, ес түссіз жатыр екен. Олар маған біресе ваннада құлады, біресе талып құлады деді. Қарлығаш "полиция келсе, мені бала күтуші деп айтпа, туысқан тәтем деп айт" деді. Баланы ұрдыңыздар ма деп едім, "жоқ" деді. Баланы өзім ауруханаға апардым, дәрігерлер қабылдап алып, сыртта күтіңіз деді. Көп уақыт өтпей, шамамен жарты сағаттан кейін дәрігер шығып, "иманды болсын, бала көз жұмды" деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, баламды көрсетіңіздер дедім. Әлі де болса баламнан айырылып қалғаныма сене алар емеспін", - дейді ол.

Тергеу барысында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.

"Бала күтушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамадық. Бірақ қалалық сот оған қатысты үйқамаққа алуды санкциялады. Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Қасақана зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр", - деді Жетісу облысы бойынша ПД ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети