28 қазан 2015 21:55

Талдықорғанда билейтін субұрқақ пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Талдықорғанда түрлі-түсті, музыкалық, билейтін субұрқақ іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғанда түрлі-түсті, музыкалық, билейтін субұрқақ іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Композиция тұтас тостағанға ұқсайды. Субұрқақта су 35 метр биіктікке дейін көтеріледі. Ерекше нысанның құрылысына облыс бюджетінен 200 миллион теңге бөлінген. Айта кетейік, осыған ұқсас субұрқақ Астанада да бар.

Субұрқақтың салынуына облыс әкімі Амандық Баталов бастамашы болды. Су кешенінің құрылысы басталар алдында ол мұның қалаға сән беретін алғашқы субұрқақ емес екенін еске салды. Болашақта осыған ұқсас тағы бірнеше нысан салу жоспарда бар.

"Бұл керемет дүние. Енді біздің серуен құратын жеріміз бар. Ғашық жандар осында кездесе алады", - деді жергілікті колледждің студенті Айнұр Смайылова.

Билейтін субұрқақтың жанында "Жастар" саябағының құрылысы басталды. Қалалық әкімдік субұрқақтың үстінгі бөлігі қыс кезінде арнайы материалмен жабылатынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети