1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Талдықорғанда өрттен зардап шеккен сегіз адамның бірі ауруханада қайтыс болды 03 желтоқсан 2020, 15:15

Талдықорғанда өрттен зардап шеккен сегіз адамның бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Денсаулық сақтау

Талдықорғанда өрттен зардап шеккен сегіз адамның бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 28 жастағы науқаста 80-82 пайыз термиялық күйік болған. Ауруханада жағдайы күрт нашарлаған, бір сағат бойы жасалған реанимация шаралары нәтиже бермеген. Жүрегі тоқтап қалып, 3 желтоқсанда таңертең дәрігерлер науқастың қайтыс болғанын хабарлаған.

Облыстық ауруханада жатқан басқа науқастың жағдайы тұрақты ауыр екені айтылады. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оған енді ота жасалады екен.

"Облыстық ауруханада жатқан екінші науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Денсаулығының жақсаруы байқалады. Ем алып жатыр.

Ауруханада жатқан екі баланың жағдайы орташа ауыр. Балалар аурухананың хирургиялық бөлімінде емделіп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Еске салайық, 27 қарашада Талдықорғанда тұрғын үйдегі газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шеккен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!