27 қараша 2020 09:09

Талдықорғанда тұрғын үйдегі газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғандағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы ТЖД кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама түскен.

Жарылыс салдарынан сегіз адам, оның ішінде үш бала зардап шекті. Олардың бәрі медициналық мекемелерге жеткізілді.

"Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шегушілердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психологы жұмылдырылды.

"ТЖМ азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды", - деді ведомстводағыдар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети