16 наурыз 2021 11:58

Талдықорғандағы даулы видео: шенеуніктер қалай жазаланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде карантин кезінде караоке-барда жүрген Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің видеосы пайда болғаннан кейін тәртіптік комиссия бөлімнің бір басшысын жұмыстан шығарып, қала әкімі орынбасарын жазалауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Желіде карантин кезінде караоке-барда жүрген Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің видеосы пайда болғаннан кейін тәртіптік комиссия бөлімнің бір басшысын жұмыстан шығарып, қала әкімі орынбасарын жазалауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда қызметтік тергеу жүргізілді.

"2021 жыл 13 наурызда блогер Абдрахмановтың taldykorganec.insta-парақшасында жариялаған видео негізінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік комиссиясы Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаевқа:

1. Талдықорған әкімінің орынбасары С.А.Арзанбековқа жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды;

2. Талдықорған құрылыс бөлімінің басшысы М.А.Нұрғалиевті қызметінен босатуды;

3. Талдықорған қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.А.Қалиахметовке жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін толық емес қызметтік сәйкестік түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасарына тәртіптік жаза қарастырылмаған", - делінген әкімдіктің Instagram-парақшасында.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі Талдықорған әкімінің өкімімен әкімнің орынбасары Арзанбекова қатаң сөгіс түрінде, Талдықорған әкімі аппаратының басшысы Такебаевқа сөгіс түрінде, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қалиахметов қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Нұрғалиев қызметінен босатылды.

Бұған дейін желіде Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантин шарасын бұзып караоке-барда жүрген видео жарияланғаны хабарланған еді. Видео авторы караоке-бар жанында әкімдік қызметкерлерін бірнеше сағат бойы бақылап отырғанын айтты. Ол ТКШ қызметкері мас күйінде көлікке отырғанын және әйеліне қол көтергенін мәлімдіеді. Оның айтуынша, видеода қала әкімінің орынбасары да болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети