Сауда қорытындысы бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің көліктері жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және Астананың Мемлекеттік сатып алу басқармасына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде сот шешімімен департаментке мемлекеттік бюджеттен ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған Талғат Ермегниявқа тиесілі болған үш автокөлік - 2009 жылғы Mercedes-Benz 500S және 2010, 2014 жылғы екі Lexus LX 570 өтті.
"Протоколға сәйкес, құны 8,7 миллион теңгеге бағаланған 991 DXA 01 нөмірлі Mercedes-Benz 500S және 19,4 миллион теңгеге бағаланған 072 АС 01 нөмірлі LX 570 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. 12, 5 миллион теңгеге бағаланған 814 ETA 01 нөмірлі Lexus LX 570 Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына берілді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Талғат Ермегияевтің көліктерін мемлекеттік органдарға өткізу үшін 12 желтоқсанда саудаға қойған болатын.
Еске салайық, істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Ермегияевтен жалпы Алматыдағы пәтері, Астана мен Алматыдағы жер учаскелері, бірнеше банктегі қаражат, бірнеше ЖШС-дағы үлесі және көліктері тәркіленген еді. Ал таяуда оның жазасын Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатқаны хабарланды.