22 қыркүйек 2016 11:43

Талғат Ермегияев жазасын Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов Талғат Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов

Талғат Ермегияев колонияға кезеңделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талғат Ермегияев колонияға кезеңделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының 5 қыркүйекте Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияға ауыстырылғаны белгілі болды. Талғат Ермегияев осыған дейін болған тергеу изоляторындағылардың айтуынша, сотталушы 166/10 түзету мекемесіне жеткізіліпті. Қатаң тәртіптегі бұл колония Астанада орналасқан.

Еске салайық, істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети