31 тамыз 2020 16:54

Tamos Education қазақстандық мектеп оқушыларына қолжетімді онлайн білім беруді қамтамасыз етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tamos Education қазақстандық мектеп оқушыларына қолжетімді онлайн білім беруді қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Tamos Education қазақстандық мектеп оқушыларына қолжетімді онлайн білім беруді қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикамыздағы Tamos Education ірі жеке меншік мектебі 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ҚР бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушыларының онлайн білім алуына негізделген TAMOS-Online.kz жобасының тегін нұсқасын іске қоспақ. Аталған жоба 1-11 сынып оқушыларының барлық пән бойынша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуына ықпал етеді және түрлі жағдаяттық интерфейске құрылған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Ирсалиев:

"TAMOS-Online.kz" онлайн-білім беру платформаларын құру - баламасыз және өте өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ, Серік Ирсалиев:

"Короновирустық пандемия шамамен он жыл бұрын пайда болған жаңа білім беру жүйесінің принциптері мен құрылымына әсер етті. Осының нәтижесінде сарапшылар жақын арада барлық адам кез-келген жерде, кез-келген уақытта білім ала алады деп болжам жасады. Әлемнің үздік университеттері өздерінің білім беру ресурстарын әлдеқашан жалпыға ортақ пайдалануға берген болатын. Осындай платформалардың көмегімен онлайн білім беруге көшу - шұғыл қажеттілік әрі болашақтың негізі десек болады. Меніңше, посткорановирустық әлем біздің білімімізді және сыныптық-сабақ негізін танымастай өзгертеді"- деп өз пікірімен бөлісті.

Қоғамдық кеңес төрағасы TAMOS Education мектебіне "білім беру қызметтерінің нарығында алға жылжып, табысты болуды" тіледі.

"Біздің Білім және ғылым министрлігі онлайн-платформалардың тізімін жариялады. Олардың нарықтық бәселестік ортада көп болуы өте жақсы, себебі, бұл- платформалардың сапалы дамуына ықпал етеді. Алматының ең үздік мектептерінің бірі - TAMOS Education елордаға өз платформасымен келгеніме қуаныштымын", - деп сөзін толықтырды Ирсалиев мырза.

"TAMOS-Online.kz - бұл қарапайым форматта оқу материалдарын жүктеуге және құруға, оқу процесі бойынша үлкен мәліметтер жинауға, әр оқушы үшін жеке жоспар құруға, оқушының үлгерімі мен алған білімдерін игеруге мүмкіндік беретін бейімделген қашықтықтан оқыту жүйесі", - деп түсіндірді жоба тұжырымдамасының авторы Салават Назмеев.

TAMOS-Online.kz, бұл - жалпы білім беретін қалалық және ауылдық мектептерге, жоғары білім беретін оқу орындарына, қосымша білім беру орталықтарына арналған платформа.

Бейімдік жүйенің мүмкіндіктері шексіз. Платформа көмегімен сіз латын тілін үйреніп, астроном бола аласыз, роботтарды құрастыруды және шахмат ойнауды үйренесіз.

TAMOS-Online.kz стандартты жиынтығы - үй тапсырмасы, білім деңгейін тексеруге арналған тесттен тұратын интерактивті электронды оқулық. Сондай-ақ, вебинарлар жүйесі, ағымдық

оқытушылармен онлайн-контент, интерактивті чат, аудио және видео дәрістер, "виртуалды шындық" атты қолдау форматы және стендтік тренажерларға қосылу мүмкіндігі, мобильді қосымша бар. Бейімделу жүйесі барлық бағыттар бойынша мәліметтер жинайды және жеке даму бағдарламалары мен оқу жоспарларын автоматты түрде қалыптастырады.

Жасанды интеллекттің қиындығы жоқ, бұл -өзара қарым-қатынасқа құрылған құрылымдар және коэфиценттер жүйесі. Біз оқытудың мұғалімнің бақылауымен жүзеге асуы керектігін түсінеміз, сондықтан жүйе әдіскерге барлық мәліметтерді қарастырады және жібереді, оқушының үлгерім жүйесі бойынша бағдарлама автоматты түрде тағайындалады. Сонымен қатар, әдіскер тағайындалған жеке даму бағдарламасын қаламмен түзете алады. Егер оқушы білім алуын одан әрі күшейтуді қажет етсе, онда аталған жүйе бұл тұрғыда көмектеседі және негізгі математиканы ғана емес, логиканы да дамытады", - деді Назмеев.

Жақын арада жоба ҚР аумағынан бөлек, көрші елдер - Өзбекстан мен Қырғызстанға дейін шығып, кеңейтілетін болады.

TAMOS-Online.kz @onlinetamos (Instagram) жобасының тегін нұсқасын іске қосу уақытпен тығыз байланысты.

1 қыркүйектен бастап оқу онлайн не офлайн болатыны белгісіз. Бейімделу жүйесінің ресурстары Қазақстанның білім беру саласындағы қажеттілігін жарты жылда өтеуге мүмкіндік береді. Біздің платформамыздың көмегімен елімізде цифрландыру процестері күшейеді", - деді Назмеев.

TAMOS Education @tamos_education (Instagram) мектебінің негізін қалаушы Дәурен Қауынбаев: "TAMOS Education - 1998 жылы құрылған (2800 - ден астам оқушы білім алатын) Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі жеке мектеп", - деп пікір білдірді. "Білім беру мекемесі құрылғаннан бастап білім беру сапасы мен халық үшін қолжетімді бағаға ден қойды. Бізде білім алу ұрпақтан ұрпаққа жалғасады десек болады. Себебі, біздің көптеген түлектеріміз енді балаларын мектеп қабырғасына білім алу үшін алып келеді.

Сонымен қатар, жаңа TAMOS жобасы бұқаралық қолжетімділік, сапалы білім қадиғаттарын және және қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. TAMOS-Online.kz арнайы жобасы үшін біздің мұғалімдер төрт мыңнан астам бейне сабақтарын әзірлеп, түсірді. Мен өз командама үнемі "Қызмет көрсетушілер де, қызметке жүгінушілер де риза болу үшін әр жүз тұтынушыдан он мың теңгеден табыс тапқаннан гөрі, миллион адамнан бір доллар табыс тапқан дұрыс" дейтінмін.

Онлайн білім берудің маңыздылығы мен мүмкіндіктерін асыра бағалау қиын. Ол бірте-бірте ұялы телефондар мен компьютерлердің үйреншіктілігі секілді біздің өмірімізге еніп, қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан прогресс керек. Сапалы онлайн білім беру біздің еліміздің кез келген аумағында қолжетімді болады. Біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де осы даму процесінен артта қалмай, мүмкіндігінше алдыңғы қатарлы дамушы елдерден болу өте маңызды.

Бұл үшін бізде қажеттінің бәрі бар -адами потенциал, жағдайдың (карантин және т.б.) маңыздылығын түсіну және түйсіну, сыртқы және ішті ынталандыру.

Халқымыздың дарындылығын, оның екі және үш тілділігін, ұлы өркениеттер мен кеңестік білім беру жүйесінің мұрасын ескере отырып, біз онлайн білім беру көшбасшыларының бірі бола алатынымызға сенімдімін."

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети