07 қазан 2018 18:07

Танымал автобус бағыты Астанадағы қозғалыстың үлгісін өзгертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана тұрғындарының сұрауы бойынша, 10 қазаннан бастап №40 автобус маршрутының жол жүру схемасы өзгереді. Бұл туралы "Астана LRT" баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. 

"Астананың құрметті тұрғындары мен қонақтары! Барыс Арена мұз сарайына, сондай-ақ Тұран даңғылы бойындағы жаңа нысандарға көлік қызметтерін ұсыну үшін жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты 2018 жылдың 10 қазанынан бастап № 40 бағыты өзгереді", - деді баспасөз қызметі өкілдері. 

Енді автобус "Теміржол вокзалы"аялдамасынан бастап, Тұран даңғылы - Керей, Жәнібек Хандар көшелерінің қиылысына дейінгі жолды өзгертпестен жүріп, Тұран даңғылы бойымен тік, Ұлы дала даңғылынан солға бұрылады. Қабанбай батыр даңғылынан оңға қарай бұрылып, ары қарай автобус схемасы бойынша жүретін болады. 

Кері бағытта автобус схемасы өзгереді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети