09 қаңтар 2022 09:54

Танымал қазақстандықтар халықты Президент Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрағаттан алынған сурет Мұрағаттан алынған сурет

Танымал қазақстандықтар халықты кейінгі жаңалықтарға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандықтар халықты кейінгі жаңалықтарға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халқымыз әрдайым бірлігімен, ынтымағымен ерекшеленетін. Болған оқиға бәрімізге ауыр тиді. Балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтамыз. Бейбіт уақытта халқын қорғаймын деп полицей, әскери жігіттер оққа ұшты. Президент шараларды өз уақытында қабылдады. Біз оған қолдау көрсетеміз!" - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Светлана Айтбаева.

Оны театр майталмандары да қолдады. 

"Біз Президент сөзіне құлақ асуымыз керек. Қажет болса, үйде отырмай, егемендігімізді қорғаймыз", - деді танымал әртіс Тілектес Мейрамов.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал әнші, педагог Майра Ілиясова да Мемлекет басшысы қабылдаған шараларды қолдайтынын айтып отыр. 

"Бірге болайық. Қазір бізге бірлік қажет. Қауесетке сенудің қажеті жоқ, жақындарымызға көмектесуге асығып, осындай сынды бірге еңсеруіміз керек", - деді ол. 

Танымал шоумен, КВН-дегі "Спарта" командасының капитаны Данияр Жұмаділов Instagram-дағы Stories-інде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін жариялады. 

"Бұл соңы емес! Тастап кетпеді! Халқымен бірге! Менің Президентім!" - деп жазды ол.

Режиссер Нұртас Адамбай да "осындай қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауы керек" екенін айтты. 

"Осындай қиын кезеңде мемлекет басында ол отырғанына қуаныштымын. Дүбірлі уақытта біз тәуелсіздігімізді жоғалтып алуымыз мүмкін еді. Бірақ батыл әрі дұрыс қадамдар егеменді Қазақстанымызды қорғап қалды. Әр саналы адам қандай да бір күштер бейбіт шеруді қолданып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқанын түсінуі тиіс. (...)", - деді Нұртас Адамбай.

Нұрсұлтан Назарбаев та қазақстандықтарды сын-қатерді жеңіп, еліміздің тұтастығын сақтау үшін Президент айналасына ұйысуға шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети