14 тамыз 2020 15:41

"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

"Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


"Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.

Қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети