Тараз маңындағы жарылыстар: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстар: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
  • Заикин Сергей Владимирович (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
  • Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.

 ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
  • Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +20
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +16
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер