1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Таразда бес жыл бұрын атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды 07 шілде 2021, 08:55

2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей Бекжан Тіленшиев 2021 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен Фото: Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен

2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей Бекжан Тіленшиев 2021 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПБ патрульдік полиция батальонының аға полиция сержанты Тіленшиевке 2016 жылғы 19 маусымдағы атыс кезінде мойны мен кеудесіне оқ тиген. Оқиға қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде шағын аудандардың бірінде болған.

Полицей 2016 жылдың 5 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

2017 жылғы сәуірде полицей денсаулық жағдайына бойланысты ішкі істер органдарынан босатылған.

Бекжан Тіленшиев Қазақстанда және шетелде ұзақ уақыт емделген және жарақат алған сәттен бастап мүгедек болып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram