14 қазан 2016 21:05

Таразда қала күні тойланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorodtaraz.kz © gorodtaraz.kz

Таразда қала күні тойланып жатыр, - деп хабарлайды 24 Хабар. 2002 жылы көне шаһардың екі мың жылдық мерейтойы тойланған еді.


Таразда қала күні тойланып жатыр, - деп хабарлайды 24 Хабар. 2002 жылы көне шаһардың екі мың жылдық мерейтойы тойланған еді.

Осы уақыт ішінде қала ажары шырайлана түсті. Ал, былтыр өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы Тараздың одан әрі көркеюіне айтарлықтай ықпал етті. Кешегі күннен бастап, облыс орталығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

2000 жылдары қала тұрғындарының саны 280 мың болса, қазіргі уақытта 370 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Сол кезде қала бюджеті 6 миллиард теңгені құраған, бүгінгі күні 36 миллиард теңгегеден асады. Ал, өнеркәсіп орындары шығарып жатқан өнім көлемі 10 есеге дейін артты. Бұрындары екі мың шақты шағын және орта кәсіпорын болса, қазір 6 мыңнан асады. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болып, 24 мыңнан аса адам еңбекпен қамтылып отыр. 

Бүгін негізгі шаралар легі осы орталық стадионда өтіп жатыр. Бір күн бұрын ауа райы күрт суытып, алғашқы қар түсті. Бірақ күн райының қолайсыздығына қарамастан жиналған жұрт қала күнін көңілденіп қарсы алуда. Ұйымдастырылған мерекелік шара 4 композициядан тұрады. Барлығы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен байланыстырылған. 40 минуттық қойылымды ұйымдастыру үшін 2 мыңнан астам жас пен әртіс, шығармашылық орталық қызметкерлері және әскери сарбаздар жұмылдырылған. Бразилия елінде өткен Жазғы Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Зүлфия Ғабидуллинаға "Жыл адамы" атағы берілді.

Бірер минуттан кейін мерекелік отшашу басталады. Артынан эстрада жұлдыздары көпшілік назарына концерттік бағдарламасын ұсынады. Мерекелік шаралар ертең де жалғасады. Бауыржан Момышұлы атындағы ипподромда ұлттық ат спорты ойындары өткізілсе, қаланың орталық алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети