Таразда соққыға жығылған депутат оқиға туралы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев Таразда соққыға жығылған оқиғаға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев Таразда соққыға жығылған оқиғаға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қашан болды?

14 мамырда Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің ауыр соққыға жығылғаны белгілі болды. Бұл деректі Жамбыл облысы Полиция департаменті растады.

Оқиға 13 мамырда күндіз Тараздағы дәмханалардың бірінде болған. Депутат бет жарақатымен ауруханаға жеткізілген, алайда Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол ауруханада жатудан бас тартқан.

Оқиғаның мән-жайы

Депутат Нұрлан Байғазиевпен тілшілер байланысқан кезде, ол жұмыс сапарымен Таразға барғанын айтты. Қаладағы дәмханалардың бірінде клиенттерімен заңгер ретінде кездесу өткізген.

Оның айтуынша, кездесу кезінде ұялы телефонының қуаты таусылып, ол телефонды жанындағы үстелге – отбасымен отырған адамдардың жанына қуаттауға қойған. Сол сәтте белгісіз ер адам оған телефон қуаттауға тыйым салып, екеуінің арасында жанжал басталған.

"Сол кезде әлгі ер адам мені ұрып жіберді. Мен құлаған соң да ұрып-соғуын жалғастырды. Бұл жағдай менімен бірге отырған Бауыржанның көз алдында болды. Ол шабуылдаушыны әрең тоқтатты. Дәл сол кісі полиция шақырды. Соққыдан кейін мен есімнен танып қалыппын. Маған кейін жерде жатқанымда тепкенін айтты", – деді Нұрлан Байғазиев.

Жанжал сәті депутаттың телефонының камерасына жазылып қалған.

Кадрларда соққыдан кейін депутаттың қолынан телефоны түсіп қалғаны байқалады.

Күдіктіні ұстау

Оқиға орнына келген полиция күдіктіні ұстаған. Жәбірленуші мен куәгерлер Тараз полиция бөліміне жеткізілген.

"Полиция бөліміне жедел жәрдем келді, мені алып кетті. Ал әлгі адамды полиция босатып жіберіпті. Жедел жәрдем мені ауруханаға апарды, олар дереу ота жасау керек деді. Мен бас тарттым. Полиция келсін, арыз жазамын дедім. Одан бөлек, Таразда ота жасатқым келмеді", – дейді депутат.

Қандай диагноз қойылған?

Дәрігерлер рентген түсіріп, бет сүйегінің сынғанын анықтаған. Алайда, жәбірленушінің айтуынша, басқа жарақаттарға толық тексеру жүргізілмеген.

Қорқытулар

Ауруханада жатқан кезде депутат полицияға қайта арызданған.

"Түн ортасында полиция ауруханаға келді, солармен бірге мені ұрған адам да келді. Онымен тағы 3-4 жігіт бірге келді. Олар менімен бірге тұрған адамдарды да қорқытып, мені сыртқа сүйремек болды. "Кел, шешейік" деді. Ал полиция үнсіз тұрды", – деді депутат.

Ол шабуыл жасаған адамды танымайтынын және бұл жағдайдың кәсіби қызметімен байланысты екенін нақты айта алмайтынын айтты.

"Ең қызығы – полиция үнсіз қарап тұрды. Ол маған да, жанымдағы адамдарға да қорқытып, сөздер айтты. Кейін оны жай ғана босатып жіберді, қазір қалада емін-еркін жүр", – деді Нұрлан Байғазиев.

Ресми мәлімет

Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer