27 қараша 2019 09:02

Тараздағы зорлық ісі: қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Видео кадры © КТК телеарнасы Видео кадры © КТК телеарнасы

Тараздық оқушының әжетханада зорлану дерегі бойынша қалалық білім бөлімі басшысы жұмысынан кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы


Тараздық оқушының әжетханада зорлану дерегі бойынша қалалық білім бөлімі басшысы жұмысынан кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы

Білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетті. Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатқан.

Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған.

Айта кетейік, бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы да қызметінен кеткен еді. 

Еске салайық, мұның алдында Таразда 7-сынып оқушысын 36 жастағы ер адам сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети