20 қыркүйек 2014 12:34

Тасмағамбетов Астанадағы оқушы өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 №76 мектеп-лицей №76 мектеп-лицей

 Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектеп оқушысының өліміне қатысты өзі пікірін білдірді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


 Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектеп оқушысының өліміне қатысты өзі пікірін білдірді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

"Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл - әрине өте қайғылы жағдай. Мәлім болғандай Білім басқармасы, Ішкі істер департаменті мәселенің анық-қанығына жету үшін жұмыс істеуде.Мектеп оқушысын өлтірген балаға қатысты оның Павлодар облысынан келгенін, бұрын баланың жүйке жүйесі ауруларын емдейтін диспансерде тіркеуде тұрғанын, кейіннен Астанаға келерде медициналық мекеменің оған жалпы мектепке білім алуына рұқсат беретін анықтама бергені жайында біз тұспалдап отырмыз. Бірақ  мұның нақты шындыққа жанасатынын әлі де анықтау қажет" деді қалалық сенбілік барысында тілшілердің сауалына жауап берген қала әкімі.

"Бұл жерде оқытушыларды және тағы басқаларды кінәлаудың қажеті жоқ. Мұндай адам нанғысыз жағдайды ендігі кезекте болдырмау үшін біз  балалардың  қарым-қатынасын арттыру мақсатында, олардың бір-біріне деген төзімділігін шыңдайтын шаралар өткізуіміз керек" дейді Тасмағамбетов.


Еске сала кетейік, бұл қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Астанадағы №76 мектепт-лицейде болды. Мектептің 8-сынып оқушысы сабақ үстінде өзімен сөзге келіп қалған сыныптасының кеудесіне қаламсабын тығып алып, нәтижесінде жарақат алған бала сол жерде жан тапсырды.

Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған. Кейін сыныптасын қаламсаппен өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғаны жария етілді.

Қазіргі уақытта Астана ІІД тергеу басқармасы тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр. Күдікті жасөспірім 14 жасқа яғни қылмыстық жауапкершілік жасына толмаған. Бала өлімінің түпкілікті себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы және сот-криминалистік сараптамасы тағайындалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети