Таудан өз бетінше түсе алмаған туристерге құтқарушылар көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таудан өз бетінше түсе алмаған туристерге құтқарушылар көмектесті Бейнежазбадан кадрлар

Өткен тәулікте еліміздің түрлі таулы бағыттарында бірнеше турист Құтқару қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Алматы іргесіндегі Шымбұлақтан жас жігіт төмен түсе алмай қалса, Үлкен Алматы көлі маңында шетелдік туристке көмек қажет болған. Ал Ақмола облысының Бурабай курортында бойжеткен аяғын жарақаттап алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.


Өткен тәулікте еліміздің түрлі таулы бағыттарында бірнеше турист Құтқару қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Алматы іргесіндегі Шымбұлақтан жас жігіт төмен түсе алмай қалса, Үлкен Алматы көлі маңында шетелдік туристке көмек қажет болған. Ал Ақмола облысының Бурабай курортында бойжеткен аяғын жарақаттап алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД-не Шымбұлақтағы "Комби-2" ауданында таудан түсу кезінде тізесін жарақаттап, жолын жалғастыра алмаған жас жігіт туралы хабарлама келіп түскен.

"Дабыл түскен бойда құтқарушылар көрсетілген жерге жедел жетті. ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні тауып, алғашқы көмек көрсетті және таулы жерден қауіпсіз түсіруді ұйымдастырды. Жігіт одан әрі тексеру үшін медицина мамандарына тапсырылды", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ Алматы тауларында, Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте 1990 жылы туған Қытай азаматы тізесін жарақаттап, таудан түсу үшін құтқарушылардан көмек сұраған.

Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы аттанған.

"Жіберілген геолокацияның көмегімен құтқарушылар туристің жүрген жерін тез анықтап, таулы рельеф жағдайында оған жетті. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны таудан түсіру жұмыстары ұйымдастырылды", - деді құтқарушылар.

Ер адам одан әрі тексерілуі және медициналық көмек алуы үшін Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылған,

Ақмола облысының Бурабай ауданында 112 пультіне 1998 жылы туған бойжеткен туралы хабарлама келіп түскен. Ол бақылау алаңына көтерілген кезде аяғын жарақаттап, өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері мен "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері барды.

"Құтқарушылар зардап шегушіні жетуі қиын учаскеден абайлап төмен алып түсіп, тексеру үшін жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды", - деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство өкілдері туристік бағыттар мен бақылау алаңдарында, әсіресе күрделі рельефті учаскелерде сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер