1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары
Жарнамалық материал

"Тәуелсіздік толғауы" мен "Елім менің" байқауы өз мәресіне жетті 08 желтоқсан 2021, 16:24

2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы, "Астана" концерттік залында XI "Тәуелсіздік толғауы" атты жаңа өнер туындыларына арналған және XVII
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы, "Астана" концерттік залында XI "Тәуелсіздік толғауы" атты жаңа өнер туындыларына арналған және XVII Республикалық "Елім менің" патриоттық әндер байқауының марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтулы іс-шара заман талабына сай қоғамдық маңызды жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, республикалық концерттік ұйымдардың репертуарларын жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, отандық авторларды қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Қазылар алқасы байқауға өтініш білдірген 400-ге жуық шығармаларды тақырыптық бағытқа сай келуіне, жоғары көркемдік деңгейіне, тақырыпты ашудағы өзінділігіне, автордың шығармашылық даралығына және шеберлігіне, шығарманың көркемдік баян етілуі секілді критерийлерге байланысты іріктеді.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айман Мұсақожаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықбек Есдәулет, Жеңіс СейдуллаұлыАлпысбай Қазығұлов, Арман Жүдебаев және өзге де өнер тарландары енді.

"Астана" концерттік залының сахнасында жыл сайын өткізілетін "Тәуелсіздік толғауы" мен "Елім менің" байқауының жүлделі жеңімпаздары ұлықталып, тиісті сыйлықтар табысталды.

Нәтижесінде, XVII Республикалық "Елім менің" патриоттық әндер байқауының "Мәңгілік Ел" номинациясы бойынша I орынды "Қазақстан" әннің авторы Жандос Омаров иеленді; "Тәуелсіз елдің ұланы" номинациясы бойынша I орын иегері - "Алақай" әннің авторы Шолпан Қорғанбек, "Ән сал, сарбаз!" номинациясы бойынша I орын иегері "Сарбаздар әні" әннің авторы Самат Рыспанбетов марапатталды.  "Қазақстан – ортақ үйіміз" номинациясы бойынша I орын иегері "Бірлігі жарасқан Қазақстан" әннің авторы Самат  Рыспанбетов анықталды. "Абай немесе Жамбыл әндері және күйлерінен үздік авторлық оркестрлеу, өңдеу" номинациясы бойынша I орын иегері Абай әндеріне фантазия "Абай толғауы"  шығармасының авторы Ербол Мұхамедиев, ал "Біз біргеміз" (дәрігерлер мен еріктілерге арналған әндер) номинациясы бойынша I орын иегері "Жан ізгілерім" әннің авторы Медет Салықов марапатталды.

"Тәуелсіздік толғауы"  байқауының "Ең үздік драматургиялық туынды" номинациясы  бойынша "ТҮРІКТІҢ БӨРІ ҰРАНЫ" поэтикалық драма шығармасының авторы Оңайгүл Тұржан, "үздік көркем сурет туынды" номинациясы бойынша "Әл-Фараби кітапханасы Отырар" туындысы Есімгалей Жұманов, "Абайдың қара сөздері" туындысымен Серібай Әлжан, және "Күз" туындысы, ал балаларға арналған үздік балалар үшін әдеби туынды" номинациясы бойынша "Сарыауыздың саяхаты" - Ертегі-хикаятымен  Бекен Ыбырайым марапатталды.

"Үздік поэзиялық туынды" номинациясы бойынша "ТОПАЙКӨК"  атты махаббат дастанымен Мұхамед Конкаев, "Жыр-Құдірет" туындысымен Шаяхмет Алжамбаев, "Үздік әдеби туынды" номинациясы бойынша Бас жүлде "АБАЙ ЕЛІНЕ САЯХАТ" өлеңдер топтамасымен Бауыржан Жақып марапатталды. "Үздік музыкалық туынды" номинациясы бойынша Абайдың өлеңдеріне вокалдық цикл (5 романс, жеке әнші және фортепианоға арналған) шығармасының авторы Әліби Әбдінұров, "БІРЛІГІҢ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!" (жеке әнші, аралас хор, симфониялық оркестр үшін кантата) шығармасының авторы Жоламан Тұрсынбаев, Бас жүлде - "Қара жорға" шығармасының авторы Тасқын Жармұқаметке берілді.



Join Telegram