“Таза Қазақстан“: стритфишинг чемпионатының қатысушылары турнирден кейін аумақты тазалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада алғаш рет стритфишингтен ашық чемпионат өтті – бұл қала аумағында спорттық балық аулау түрі. Іс-шараға 23 команда қатысты, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада алғаш рет стритфишингтен ашық чемпионат өтті – бұл қала аумағында спорттық балық аулау түрі. Іс-шараға 23 команда қатысты, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.

Жарыс Есіл өзенінің жағасындағы бұрынғы газ аппаратура зауыты аумағында өтті. Чемпионат аяқталғаннан кейін барлық қатысушы "Таза Қазақстан" акциясы аясында аумақты тазалауға қатысты. Олар қоқысты арнайы берілген пакеттерге жинап, полигонға апарды. Тазалық жұмыстарынан кейін турнир жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жарысқа 46 спортшы қатысты, әр командаға бақылаушы төреші бекітілген.

"Чемпионат әлем бойынша қолданылатын халықаралық стандарттарға сай өтті. Қатысушылар 16 см-ден бастап алабұға, 25 см-ден бастап көксерке, 30 см-ден бастап шортан ұстады. Балық қармаққа түскен соң арнайы сызғышпен өлшеніп, суретке түсіріліп, қайта суға жіберілді", – деді төреші Бақытжан Әділбеков.

Жарыс әрқайсысы үш сағаттан тұратын екі турдан тұрды.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Чемпионатты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы үйлестірді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балық инспекциясымен өзара әрекеттесті.

"Стритфишинг – бұл жыртқыш балық аулауға арналған. Бұл Қазақстан үшін жаңа бағыт. Чемпионат жеңімпаздары, егер қатысушылар мен командалар саны бойынша нормативтер орындалса, спорт шеберлігіне кандидат атағына дейінгі дәрежеге үміткер бола алады. Бұл – басқа олимпиадалық емес спорт түрлері сияқты мемлекеттік стандарттармен реттеледі. Спорттық балық аулау федерациясында басқа да бағыттар дамып жатыр", – деді төреші-хатшы Андрей Рогов.

Астанада өткен стритфишинг чемпионаты – осы спорт түрінен өткен алғашқы ресми жарыс әрі қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болды.

Tengrinews
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer