06 шілде 2022 15:00

Текелідегі лай көшкіні кезінде қаза тапқан қыздың отбасына екі бөлмелі пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен Гүлнар Тілеухан екі бөлмелі пәтерге қоныстанды, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен Гүлнар Тілеухан екі бөлмелі пәтерге қоныстанды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Үй мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен берілді. Баспананы тұрмыстық техникамен, жиһазбен жабдықтауға Алматы және Жетісу облысы әкімдігі қолдау көрсетіпті.

"Алла бұйырып, екі бөлмелі баспана берді. Қазір көңіл-күйім орташа. Бәріңізге алғысым шексіз Алланың нұры жаусын. Жақсылық болсын. Амандық тілеймін", - деді Жетісу облысының тұрғыны Гүлнар Тілеухан.

Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен басқа да отбасы уақытша баспанамен қамтылған. Әр жанұяға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріліпті. Айта кетейік осыдан шамамен 1,5 ай бұрын Текеліде сел жүріп, салдарынан 10 шақты үй зардап шегіп, 1 үй түгел қирап қалған еді. Апат салдарынан Гүлнар Тілеуханның 5 жасар қызы қаза тапқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети