11 желтоқсан 2023 09:27

Теміртау мен Риддер тұрғындары апат салдарынан жылусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 сорғы станциясында апат болды. Бұл туралы Теміртау әкімдігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 сорғы станциясында апат болды. Бұл туралы Теміртау әкімдігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Станцияның қазандық агрегаттары резерв отыны - мазутқа көшірілді.

"Жедел штаб құрылды. Қазір температура кестесі теңестіріліп жатыр. Техникалық бұзылыстарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қала тұрғындары бұл жағдайға наразы болды, себебі олардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын болып тұрады.

"Сыртта аяз, жылусыз қалдық, жүйе қатып қалса, оны кім қалпына келтіреді?", "Тағы да жыл сайын солай. Құдай қаласа, биылғы қыстан аман-есен шығайық", - деп жазған тұрғындар.

Қала тұрғындары пәтерлеріндегі суыққа жаппай шағымданып жатыр.

"Қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, жоспарланған температура кестесіне жету уақыты 23:00. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлайды Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети