23 желтоқсан 2020 15:08

"Теңізшевройл" өкілдері экс-қызметкерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теңізшевройл" компаниясы өкілдері мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрап видеоүндеу жасаған қызметкерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Теңізшевройл" компаниясы өкілдері мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрап видеоүндеу жасаған қызметкерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Теңізшевройл" қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады және адамдардың, қоршаған ортаның және компания орналасқан қоғамдастықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне бірінші кезекте көңіл бөледі.

Қазақстандық экологиялық заңнамаға сәйкес ТШО-да атмосфералық ауаның мониторингін қамтитын өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭК) жүргізіледі. Жабдықты тексеру сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті белгілеген тексеру/калибрлеу туралы талаптарға сәйкес мерзімінде өтеді. ӨЭК өткізу нәтижелері бойынша есептер Атырау облысы бойынша экология департаментіне тоқсан сайын өткізіледі", - дейді компания өкілдері. 

Сондай-ақ, компания өкілдері 2000 жылдан бері қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіру бойынша 3 миллиард доллардай бөлінгенін, ол "өндірілген мұнай тоннасына атмосфераға бөлінетін қалдықтарды 74 пайызға азайтуға мүмкіндік бергенін" атап өтті. 

"ТШО 2009 жылы ілеспе газды үздіксіз жоспарлы жағуды толығымен тоқтатып, бүгінде ілеспе газдың 99 пайыздан астамы іске жаратылады. Жалдау процесі ашық және меритократия қағидаттарына негізделген, ТШО-да тиіс жалдауды орнатуға ықпал ететін рәсімдер әзірленді, оның ішінде компания сайтында барлық кандидат үшін тең қол жетімділікті қамтамасыз ететін ашық бос жұмыс орындары туралы ақпарат орналастырылған", - деп түсіндірді компания өкілдері. 

Еске салайық, 12 желтоқсанда өзін "Теңізшевройл" экс-қызметкері деп таныстырған ер адам екі видеоүндеу жасап, мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұраған болатын. Видеолар Instagram желісіндегі Kris P Brothers️️️ тобында жарияланды,

"Мен 2016-2019 жылдар аралығында "Теңізшевройл" компаниясында жұмыс істеп, айына бір миллион теңгедей жалақы алдым. Бірақ айналамда тамыр-таныстық пен жемқорлық жайлап кеткендіктен өзімді бақытсыз сезіндім. Барлық қызметкер біреудің туысқаны болды. Салауатты бәсекелестік болған жоқ. Одан бөлек, экологияға да біраз залал келтірілді", - деді ол. 

Желі қолданушылары ер адамның үндеуіне қатысты әртүрлі пікір қалдырған. Бірі ролик авторымен келіскен. Енді бірі ер адамның шынайылығына күмәнмен қараған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети