29 ақпан 2024 17:47

Тоқаев Ақордада Головкинді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.

Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети