АҚШ сенаторы Тоқаевқа Трамптың ықыласын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ сенаторы Тоқаевқа Трамптың ықыласын жеткізді Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды.

Президент былтыр қарашада АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді.

Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады. Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанды қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +22
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +24
П
Павлодар +25
Петропавл +27
С
Семей +22
Т
Талдықорған +28
Тараз +33
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер