25 қыркүйек 2021 | 13:22

Тоқаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен: Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

"Ерлігі үшін" медалімен: Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) - Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы", - делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20-да Ақбұлақ шағынауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды

Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.

Осы оқиғадан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), Алматы әкімдігі, банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында ипотекалық қарыздар бойынша жалғыз тұрғын үйді сатуды және одан халықтың әлеуметтік осал топтарын шығаруды тоқтата тұратын өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети