02 сәуір 2019 10:49

Тоқаев баланың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Заң қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ әкімшілік бұзушылықтар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, неке және отбасы туралы кодекстерге түзетулерді қарастырады.

Қылмыстық кодекске түзетулер бас бостандығынан айыру мерзімін ұлғайту жолымен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. Статистика мәліметтерінше, бес жылда 4 740 бала зорлық-зомбылықтан зардап шекті.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі. Бұл ата-аналар, өгей әкем, өгей шешем, педагогтар, қорғаншылар тарапынан кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және күш қолдану әрекеттері үшін жазалауға қатысты. Осы баптар бойынша 12 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң сондай-ақ мынадай норманы көздейді: сотталғандарға қатысты осы баптар бойынша міндетті түрде педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети