07 сәуір 2021 16:01

Тоқаев дәрігерлерді Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі барша дәрігерлер қауымын Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі барша дәрігерлер қауымын Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы - адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр", - деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Сонымен қатар Президент 2020 жылдан бері медицина саласын қаржыландыру және сала мамандарының жалақысын көтеру мәселесі қаралғанын айтты.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесіне жалпыұлттық басымдық беріліп 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бері сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін",- деп қосты Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети