05 қазан 2022 12:08

Тоқаев ел тарихындағы маңызды кезең туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір ғана президенттік мерзім туралы ереже Қазақстандағы билікті монополиялау әрекеттеріне тосқауыл қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір ғана президенттік мерзім туралы ереже Қазақстандағы билікті монополиялау әрекеттеріне тосқауыл қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін біздің еліміз жаңа саяси дәуірді ашатын өз тарихының маңызды кезеңінен өтіп жатыр. Алдағы сайлау циклінің нәтижелері еліміздің дамуы үшін сапалы жаңа жағдайлар жасайды. Бір реттік Президенттік мерзім туралы норманы бекіту еліміздегі шынайы демократиялық дәстүрлерді нығайтудағы шешуші қадам болды. Бұл новелла билікті монополиялау әрекеттеріне қуатты тосқауыл қою және қабілетті, жауапты саясаткерлердің жаңа толқынының пайда болуы үшін жағдай жасайды", - деді Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде.

Президент жаңартылған Конституция негізінде барлық негізгі саяси институттар қайта іске қосылатынын, барлық азаматтардың игілігі үшін жұмыс істейтін жаңа ашық және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе қалыптасатынын атап өтті.

"Біз ұзақ жолдың басында тұрмыз", - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети