1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев ғалым Нәдір Нәдіровтің жақындарына көңіл айтты 25 тамыз 2021, 12:13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Надир Надиров. Фото: facebook.com/berbangkz Надир Надиров. Фото: facebook.com/berbangkz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты.

Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады", - делінген Президенттің жеделхатында

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram