Тоқаев: Халқымыз алға қарай адымдап қадам басты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси-идеологиялық келбеті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси-идеологиялық келбеті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары еліміздің саяси-идеологиялық келбеті түбегейлі өзгерді. Экономикада жүйелі реформалар қолға алынды. Ең бастысы, қоғамның сана-сезімі өзгере бастады. Кейінгі жылдары саяси оқиғаларға баға беру тұрғысынан халқымыздың көзқарасы да жаңа сипатқа ие болды. Алға қарай адымдап қадам басты деуге болады. Біз заманауи және алдыңғы қатарлы қоғамға айналдық. Мұның бәрі біздегі қоғамдық келісім үлгісіне де тың талаптар қояды. Кеше ғана тиімді саналған әдіс-тәсілдер бүгін жарамсыз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Президент бізге ескіліктің ізіне қайта түспеу үшін барлық жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді таразы басына қойып, зерделеу қажет екенін айтты.

"Ең әуелі, Ассамблея қызметінің мәні мен мазмұнын қайта қараған жөн. Менің түсінігімде Ассамблея мемлекеттің этносаралық саладағы барлық жұмысына бағыт беретін стратегиялық штабқа айналуы керек.

Аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ұлтаралық қарым-қатынас сияқты маңызды әрі нәзік салада атқарылып жатқан ауқымды істерді жаңа мазмұнмен толықтыратынына сенімдімін. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді. Қазақстанда келісім, төзімділік, достық ұғымдары құр ұран емес, азаматтардың күнделікті өмір салтына айналған құндылық. Ауқымды қақтығыстар, сауда соғыстары, адам өмірінің құнсыздануы кезеңінде бейбітшіліктің қадірі ерекше арта түсті. Өйткені, бұл – дамудың басты кепілі.

Барлығымыз қал-қадірімізше бейбітшілікті сақтауға атсалысамыз. Мен бұған дейін барлық әкімдерге тұрақты түрде этносаралық, ұлтаралық келісім мәселесіне арналған жиналыс өткізіп тұруды тапсырдым. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы маңызды саланы жіті назарда ұстауы керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселесін ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды. Бұл – мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да бұлжымас қағидасы".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer