10 шілде 2021 17:26

Тоқаев жаңа оқу жылында тығырықтан шығудың "жалғыз жолын" атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралуын қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралуын қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы пандемия білім сапасына кері әсер еткенін айтты. Сондықтан өткен оқу жылында жіберілген кемшіліктерді жою және жаңа оқу жылында артта қалмау талап етіледі.

"Тығырықтан шығудың жалғыз жолы - бұрынғы оқыту форматына көшу. Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқыту форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болған жағдайда бұл тапсырманы орындау оңай емес екені түсінікті. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдерді қорғауды барынша қамтамасыз ететін кешенді тәсіл әзірлеу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын Қазақстанда жаңа оқу жылы әстүрлі форматта өтетіні хабарланған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "біздің білім беру жүйеміз келесі оқу жылында қашықтан оқуға төтеп бере алмайды, оның ішінде балалар да" деген болатын. БҒМ басшысы республикалық педкеңесте барлық мұғалімді коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети