08 қараша 2022 11:45

Тоқаев Жайықтың тайыздануы туралы: Ертең кеш болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің экологиялық жағдайы туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің экологиялық жағдайы туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс тұрғындарын Жайықтың тайыздануы алаңдатады. Соңғы жылдары өзендегі су деңгейі төмендеп кетті. Өзеннің экологиялық жағдайы күрт нашарлап, ластануы бойынша бесінші деңгейге жетті", - деді Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуде.

Президент бұл күрделі мәселені халықаралық деңгейде бірнеше рет көтергенін баса айтты. Қазақстан мен Ресей арасында экология, биоәртүрлілікті сақтау және трансшекаралық өзендерді пайдалану саласында бірнеше келісімдер жасалған.

"Көршілерімізбен осы бағыттағы ынтымақтастықты тереңдете отырып, уағдаластықтардың толық орындалуын қамтамасыз етуге күш салу қажет. Оған аймақ өкілдерінен бөлек, сарапшылар, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері қатысуы маңызды рөл атқарады.

Біз бірге Жайықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Экологиялық жағдайдың нашарлауы бірқатар зардаптарға әкеледі. Бүгіннен бастап нақты шара қолданбасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу қажет. Су қорғау аймақтарына ревизия жүргізіліп, өзендегі барлық гидротехникалық құрылыстар тексерілуге ​​тиіс. Бұл облыс әкімі мен үкіметтің тікелей міндеті", - деп қосты Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети