28 қаңтар 2022 16:07

Тоқаев: Қаңтардағы оқиғалар жастармен жұмыстағы олқылықтарды көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуіндегі олқылықтарға жергілікті атқарушы органдар мен жалпы мемлекеттік басқару жүйесі кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуіндегі олқылықтарға жергілікті атқарушы органдар мен жалпы мемлекеттік басқару жүйесі кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтардағы қайғылы оқиға жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуінде елеулі олқылықтарды көрсетті. Бұған жергілікті атқарушы органдар да, мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесі де кінәлі", - деп келтірді баспасөз қызметі Тоқаевтың сөзін.

Оның айтуынша, Jas Otan-ның нақты жұмыс істеу мүмкіндігі зор. Партияның жастар қанатының республика бойынша 100 мыңнан аса мүшесі бар. Алайда Президенттің айтуынша, бұл қомақты ресурстар дұрыс пайдаланылмай отыр.

"Біз қалалардағы әлеуметтік аз қамтылған жастармен нақты жұмыс жүргізуіміз керек, Jas Otan-ға пайдалы қоғамдық жұмыстармен айналысуға дайын жастарды тарту керек.

Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, оқыту бағытында бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырып жатыр. Алайда сауалнама нәтижелері көрсеткендей, жастардың көпшілігі олар туралы ештеңе білмейді. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Тоқаев Nur Otan өзі жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басы-қасында болуы, осы аса күрделі мәселе бойынша пайдалы бастамалар көтеруі керек екенін атап өтті.

"Жүйелі сыбайлас жемқорлық қаңтардағы дүрбелеңге түрткі болғаны жасырын емес.

Қоғамда азаматтардың сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан бас тартуын қалыптастыру маңызды. Ал партия құрамдас бөлігі саналатын азаматтық қоғамды жұмылдырусыз бұл мүмкін емес. Сондықтан партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жаңа мазмұнмен толтыруы керек", - деп қосты ел Президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети