14 наурыз 2020 23:07

Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Стационарлық карантинде 1090 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 

Нұр-Сұлтанда 2 жағдай, Алматыда 4 жағдай тіркелді.

Коронавирус жұқтырған жолаушымен Варшавадан Нұр-Сұлтанға 86 адам ұшып келген. Бұл екінші оқиға.

Ал бірінші жағдайда коронавирус жұқтырған адаммен ұшқан 53 жолаушы Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды. Бортта барлығы 89 жолаушы болған.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа күдікті адамдарға қанша орын дайындалды?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети