07 қазан 2020 16:01

Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы аналар өліміне қатысты проблеманы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиында айтты.

Президент өз сөзінде басқа да ауру түрлері бойынша тиісті медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жағдайдың нашарлағанына арнайы тоқталды.

"Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болды. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырамын. Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети