31 тамыз 2023 09:54

Тоқаев Қырғызстан халқын құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақорда баспасөз қызметінен Сурет Ақорда баспасөз қызметінен

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Қырғызстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін ресми түрде ресімдеген Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. 1991 жылы 31 Тамызда Қырғыз Республикасы егемен мемлекетке айналды. Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети