05 қазан 2022 16:53

Тоқаев Мария Мудряк пен Иманбек туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күші неде екенін айтып, Павлодар облысының мәдени толқыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күші неде екенін айтып, Павлодар облысының мәдени толқыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің күші адамдарда, олардың энергиясында, білімінде және патриотизмінде жатыр. Біз қарапайым адамның мүдделеріне, жаһандық ауқымда тартымды елдің жаңа бейнесін қалыптастыруға ерекше назар аударуымыз керек", - деді Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуде.

Ол ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға Павлодар облысының мәдени толқыны өкілдері зор үлес қосып жатқанын атап өтті.

"Классикалық өнерді сүйетіндер Мария Мудряктың Еуропаның ең жақсы опера сахналарында арияларды орындайтын дауысын ұнатады. "Грэмми" иегері Иманбек Зейкеновтың танымал музыкасы бүкіл әлем бойынша жастар арасында жанкүйерлерін тауып жатыр. Өз ұрпағының дарынды өкілдері бола отырып, олар мәдениетіміздің шетелдегі табысты елшілері болды", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети