13 маусым 2019 11:47

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін екіге бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайта құрылу туралы жарлыққа қол қойғаны Ақорда сайтында жарияланды. 


Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайта құрылу туралы жарлыққа қол қойғаны Ақорда сайтында жарияланды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгерді. МҚІА - мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында жұмыс істейтін болады. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып өзгерді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болады. 

Екі ведомство да ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін болады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларымен бірлесіп: агенттіктер туралы ережелердің жобаларын;

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети