13 қазан 2021 18:34

Тоқаев Моңғолияның сыртқы қатынастар министрін қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Моңғолияның сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Моңғолияның сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қарқынды дамып келе жатқан қазақ-моңғол қарым-қатынастарына тоқталды.

"Моңғолия – біздің сенімді әрі стратегиялық серіктесіміз. Екі елді ортақ тарих біріктіреді. Моңғол халқына, мемлекетіңізге деген құрметіміз ерекше. Сіздер біздің халықаралық бастамаларымызға түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетесіздер. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осы ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, іс жүзінде нығайта беруіміз керек деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сауда-экономикалық ықпалдастыққа қатысты. Біз көлік логистикасы саласын пысықтай түсуіміз керек", – деді Президент.

Мемлекет басшысы қалыптасқан екіжақты ынтымақтастық әлеуетін барынша пайдалануға шақырды.

"Осы сәтті пайдаланып, этникалық қазақтарға көрсетілген құрметі мен қамқорлығы үшін сіздің еліңіздің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Моңғолия сыртқы саясат басқармасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың сәлемін жеткізді.

"Президентіміздің шынайы сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Моңғолия мен Қазақстанды жақын елдер деуге болады. Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстарды дамыту Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Біз бұл қатынастарды жандандырғымыз келеді. Келесі жылы екі ел арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз", – деді Батмунх Батцэцэг.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты елімізге ресми сапармен келуге шақыратынын айтты. Мемлекет басшысы аталған ресми сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп есептейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети