05 мамыр 2023 16:46

Тоқаев оқ-дәрілерді сақтайтын қауіпті нысандар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Президент - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Президент - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қолданыстағы әскери инфрақұрылым кеңес армиясының стандарттарын ескере отырып құрылды. Бүгін біздің армиямызды трансформациялау бойынша күрделі міндет тұр. Біз бұрын болмаған жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салып жатырмыз. Ел аумағын жедел жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оқ-дәрілерді сақтаудың қауіпті объектілері елді мекендерден тыс жерлерге шығарылады. Бұл үлкен жұмыс үшін барлық жауапкершілікті тек күш құрылымдарына беру дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктер әскери инфрақұрылымды дамытуға белсенді атсалысуы керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы қорғаныс пен қауіпсіздік еліміздің тұрақты дамуында ерекше маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Мықты армия – киелі жеріміз бен елімізді қорғайтын сенімді қалқан", – деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети