Тоқаев Орталық Азиядағы ең негізгі экологиялық проблемаларды атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Орталық Азиядағы ең негізгі экологиялық проблемаларды атады Фото: Ақорда

Президент табиғаттың маңызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


"Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз", - деді Президент.

Мемлкекет басшысының сөзінше, Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда:

  • су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару;
  • шөлейттену;
  • мұздықтардың еруі;
  • ауаның ластануы;
  • биоалуантүрліліктің жойылу қаупі.

"Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін. Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін, 22 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп бірқатар маңызды тақырыптарды көтерді.

Жиын алдында мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +16
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер