01 қыркүйек 2021 17:55

Тоқаев Өзбекстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және қазақстандықтардың атынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және қазақстандықтардың атынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бауырлас Өзбекстан бұл айтулы күнге ұлттық біртұтастығымен, экономикалық дамуының жоғары қарқынымен және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделімен қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде жетіп отыр. Өзбек халқы Сіздің жасампаздық саясатыңыз бен табысты жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларыңызды қолдай отырып, тұрақты даму жолын жалғастыра беретініне сенімдімін", - деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тарихы терең стратегиялық ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

"Сізбен бірлесіп атқарып жатқан жұмысымыз екіжақты деңгейде де, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық аясында да Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылындағы зор әлеуетті толық іске асыру үшін қызмет ететініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Шавкат Мирзиёевке жауапты мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас Өзбекстан халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети