01 наурыз 2022 12:22

Тоқаев: Партия қолдан келмейтінді уәде етіп, сосын премьерді айыптамауы керек

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия мүшелеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия мүшелеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Партия популизмге салынып, орындалмайтын уәде бермегені жөн. Сонда премьер-министр мен кабинет мүшелерінен қажетті сандарды талап етуге де жол берілмейді. Егер осылай жалғаса берсе, күдік күшейіп, адамдардың партияға деген сенімі жоғалады. Ал оның партияға кері әсері тиеді. Бұндай көзбояушылық салдары адамдардың әлеуметтік көңіл-күйіне және ішкі саяси тұрақтылыққа ықпал етеді", - деді Тоқаев.

Оның пікірінше, бұл геосаяси тұрақсыздық жағдайында мүлдем орынсыз.

"Партия билік пен қоғам арасындағы нақты, байланыстырушы буын болуы керек. Жұмысқа келгенде, сайлаушыларының мүддесін қорғауы керек. Ең алдымен, сайлау кезеңінде берген уәдесін орындауы қажет", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети