05 қазан 2022 16:17

Тоқаев Павлодар облысын газдандыру жөнінде тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Павлодар облысын газбен қамту мәселесін бірінші кезекте шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Павлодар облысын газбен қамту мәселесін бірінші кезекте шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде Тоқаев өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаға ауыр жүктеме түсіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Павлодар облысында еліміздегі зиян шығарындылардың үштен бірі шығады. Бұл жыл сайын шамамен, 700 мың тонна.

"Күнделікті еңбегі бүкіл елдің индустриялық өсуінің негізі саналатын өңір тұрғындары туған өлкенің қоршаған ортасының жай-күйіне қатты алаңдайды. Экологиялық жағдай - азаматтардың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Еске сала кетейін, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қолжеткізу ниетін жариялады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – газдандыру.

"Үкімет аймақты газбен қамтамасыз ету жолдарына басымдық беруі керек. Бұл жасыл күн тәртібін толық жүзеге асыруға және нақты тұрақты дамуға бағытталған маңызды қадам болады", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети