27 сәуір 2023 11:24

Тоқаев реформалар туралы: Ертеңгі күн бірте-бірте бүгінге айналып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне өткенімізді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне өткенімізді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне аяқ бастық, қоғамда жаңа идеялар, жаңа институттар, жаңа қоғамдық қатынастар белсенді түрде қалыптасып жатыр – бұл қоғамның және тұтастай алғанда мемлекеттің келбетін өзгертетін нақты реформалар. Жақында стратегиялық жоспарлар деп айтқанымыз нақты шындыққа айналды. Ертеңгі күн бірте-бірте бүгінге айналып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың тағдырлы шешімдерді бірге қабылдап, ортақ болашақты бірге құрайтынына назар аударды.

"Мақсаттардың осындай бірлігі біздің реформаларымыздың қуатты қозғалтқышы болатынына сенімдімін. Жалпы алғанда, бұл біздің ең маңызды, баға жетпес жетістігіміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети