03 мамыр 2019 11:54

Тоқаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына Қазақстанның барлық 17 өңірінен 315 910 азаматтың қолы жиналды, олардың 313 653-і дұрыс деп танылды. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрауы керек. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қайлы қабылдады: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін; Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети