03 сәуір 2017 22:23

Тоқаев Санкт-Петербургтегі терактінің құрбаны болғандардың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. Александр Тарасенков © РИА Новости. Александр Тарасенков

Қазақстан Парламентінің Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде террорлық актінің салдарынан зардап шеккендерге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Парламентінің Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде террорлық актінің салдарынан зардап шеккендерге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Санкт-Петербург метросында жарылыс салдарынан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екенімді жеткізгім келеді. Жиіркенішті зорлық-зомбылық актісі", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети