04 қыркүйек 2023 12:56

Тоқаев сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: aqorda.kz Сурет: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

"Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети