08 ақпан 2022 13:26

Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП мүшелік жарнасынан босатуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:atameken.kz Фото:atameken.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП мүшелік жарнасынан босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП мүшелік жарнасынан босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінде отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялар үлесі 90 пайыздан астам екенін айтты.

"Палатаны ("Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) реформалау кезінде оның функцияларын әсіресе шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттау керек. Сонымен қатар, шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Бұл айтпаса да түсінікті", - деді Президент.

Еске салайық, Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кететіні туралы мәлімдеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети